RU
Шымкенттік келіншек өзін пышақтап тастаған күйеуіне кешірім берді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік келіншек өзін пышақтап тастаған күйеуіне кешірім берді (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте екі баланың анасы өзін пышақтап тастаған күйеуіне кешірім берді. Сұмдық жағдайды бастан кешірген келіншек алғашқы сот отырысында-ақ бұрынғы жұбайына аяушылық танытып, жеңіл жаза алуына себепкер болды. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Әйелін пышақтап, әлеуметтік желі арқылы видеосын таратқан сақалды жігіт алғашында жасаған күнәсін Алла жолындағы әрекеті деп түсіндірген. Бірақ бұл жолы сот отырысында күдікті істеген қылмысы туралы басқаша мәлімдеме жасады. Ол бұл әрекеті үшін өкінетінін айтқан. Сондықтан сотталушы балаларын сылтауратып, бұрынғы жұбайынан көпшіліктің көзінше кешірім сұрады.

"Әйелімді қалай пышақтағанымды білмеймін. Видеоға қалай түсіргіненім де есімде жоқ. Істеген қылмысым үшін қатты өкінем. Әйелімнен, қайын енеменнен кешірім сұраймын. Басқа айтарым жоқ" -дейді әйелін пышақтаған азамат Хайрулла Нарметов.

Умида Нарметова өзіне қастандық жасаған бұрынғы жұбайына бірден кешірім берді. Мұны ескерген сот өкілдері кісі өлуге оқталған сотталушыға жеңіл жаза кесті. Ол жалпы режимдегі түзеу мекемесінде 3 жыл жазасын өтейтін болады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Еске сала кетейік, Шымкентте сақалды жігіттің өзге дінге кіріп кеткен әйелін аяусыз пышақтап тастағаны туралы видео әлеуметтік желіні шарлап кеткен болатын.

Күдікті жігіт өзі түсірген бейнежазбада келіншегінің жат ағымға кіріп кеткенін мәлімдеген. Алайда, келіншектің жақындары бұл ақпаратты теріске шығарып, керісінше әйелін аямаған азаматтың өзі өзге ағымның жетегінде екенін алға тартуда.

Ерлі-зайыптылар алты ай бұрын ажырасқанмен, ер азамат келіншегіне күн бермей, қорлық көрсетіп келген. Әдеттегідей таңертең жұмысқа бармақшы болған әйелін аңдыған жігіт оны жолдың қақ ортасында пышақтап кетіпті.

Ауыр жарақат алған азаматшаның жақындары күдіктінің бұл әрекетке әйелімен қосылмағандығы үшін барғанын айтады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
6
11
7
5
19
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel