RU

Туфлиі шекесіне қадалды: Той үстінде төбелескен екі жас ақыры ажырасып тынды

Танымал продюсер, шоумен Жан Мұқанов той үстінде төбелесіп жанжал шығарған жастар туралы айтты. Оның айтуынша, қалыңдық пен күйеу жігіт қатты ұрысып, ақырында қыздың туфлиі жігіттің шекесіне тиген. Бұл туралы Жан Мұқанов Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында айтты.

Той индустриясының бүгесі мен шүгесін білетін продюсер - еліміздегі танымал тұлғалардың тойларын жасаудың шебері. Біріне бірі ұқсамайтын той жасаудан алдына жан салмайтын ол түрлі тойларды көргенін айтты.

"Қалыңдық пен күйеу бала тойдың ортасында быт-шыт болып төбелесіп қалған тойды көргенмін. Жаман төбелес болды. Қыз туфлиін лақтырып, туфлиінің шпилькасы маңдайына тиіп, сол жерде ажырасып кеткен тойлар болды", - деп есіне алды ол.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713132-tuflii-sekesine-kadaldy-toj-stinde-tbelesken-eki-zas-akyry-azyrasyp-tyndy.html