RU

Елді сүйсіндірген жұлдызды жұп неліктен бірге көрінбей кетті?

Бір кездері Қуандық Рахыммен бірге дуэт айтып, өзбек тілінен аударылған "Болайық бірге" әні арқылы қалың көпшілікке танымал болған Гауһар Сардарбек орта жолда сахналық жұбының өзін не үшін тастап кеткенін айтты деп хабарлайды Hit.tv арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Гауһар Сардарбек пен Қуандық Рахым. Фото: Интернет желісінен
Гауһар Сардарбек пен Қуандық Рахым. Фото: Интернет желісінен: UGC
"Қуандықпен ән орындап жүрген кезде мен Колледж студенті болдым. Сол кезде ұстаздарым гастрольдік сапарлар мен концерттерге жібермеді. Сабақтан көп қала бастадым. Сол себепті Қуандықпен айтпай кеттім. Колледжді бітіріп, Т. Жүргенов атындағы Академияда оқып жатырмын. Ол жақта мұндай кедергілер болады деп ойламаймын", - деді Гауһар.

Айта кететіні, Гауһар Сардарбек бүгінде Қосқанат есімді әншімен бірге дуэт орындап, ән салып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713140-eldi-sjsindirgen-zldyzdy-zp-nelikten-birge-krinbej-ketti.html