Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ағзасынан 16 тігін инесі шыққан сәби дәрігерлерді шошытты

Опубликовано:

Өзбекстанның Ферганск облысында дәрігерлер нәрестенің ағзасынан 16 тігін инесін тауып алған деп хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

16 byt

Анасы баласын жақын жердегі емханаға апарып, рентген жасатқан. Оның нәтижесін көрген ақ халаттылар сәбиді бірден ота жасау бөлімшесіне алып кетеді.

Тоғыз сағатқа жалғасқан операция барысында баланың ағзасынан 13 тігін инесі алынды. Қалған үшеуі келесі ота жасалған кезде алынады.

Дәрігерлердің айтуынша, тігін инелері сәбидің ағзасында 1,5 ай бойы болған. Ал құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, инелер оның денесінің түрлі бөліктерінде орналасқандықтан баланың өзі жұтып қоюы мүмкін емес.

Сондықтан осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1713151-agzasynan-16-tigin-inesi-sykkan-sbi-drigerlerdi-sosytty/

pixel