Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда келінін балағаттап, ар-намысына тиген ене сот алдына келді

Опубликовано:

Атырау облысы Қызылқоға ауданында келінін балағаттап, ар-намысына тиген енесі жауапқа тартылды деп хабарлайды хабарлайды "Атырау" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атырауда келінін балағаттап, ар-намысына тиген ене сот алдына келді
Атырауда келінін балағаттап, ар-намысына тиген ене сот алдына келді: UGC

Құқықбұзушы М.А. бір аулада тұратын өзінің келіні Ж.С.-ға былапыт сөздер айтып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сотта айыпталушы кінәсін мойындап, келінін ашумен балағаттап тастағанын растады. Сондай-ақ, ол келінімен өзара медиатордың көмегімен татуласқандарын жеткізген.

Өз кезегінде жәбірленуші келіні де енесіне кешірім бергенін баяндап, өзара медиация тәртібінде татуласуларына байланысты әкімшілік істі тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты тоқтатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1713154-atyrauda-kelinin-balagattap-ar-namysyna-tigen-ene-sot-aldyna-keldi/

pixel