Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Секс-құлдықтағы қызды әбден азаптаған ерлі-зайыпты әлемді дүрліктірді

Опубликовано:

Ұлыбританияда секс-құлдықтағы қызды 18 ай бойы әбден азаптаған ерлі-зайыпты 22 жылға сотталып кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Секс-құлдықтағы қызды әбден азаптаған ерлі-зайыпты жаға ұстатты
Секс-құлдықтағы қызды әбден азаптаған ерлі-зайыпты жаға ұстатты: UGC

27 жастағы Кевин Уоррен мен 35 жастағы Донна Моррис жақында ғана 20-ға толған бойжеткенді секс-құлдықта ұстап келген. Олар бойжеткенді 18 ай бойы зорлап, әбден азаптайды.

"17 ай бойы олар мені жануардан бетер азаптады. Соңына қарай менің күшім әбден сарқылып, тірі өлікке айналғандай болдым. Сол сәтте бұл қорлықтарға ендігі шыдай алмайтынымды түсіндім", - дейді бойжеткен.

Ер адам 18 жылға бас бостандығынан айырылса, оның ғашығы төрт жыл түрмеде отыратын болды. Оларды полицейлерге бойжеткеннің өзі ұстап берген.

"Олар мені қаржылай тәуелді етіп, өзіне бағынышты қылды. Алайда бір күні мен полицияға барып, бәрін жайып салдым", - дейді зардап шегуші.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1713156-seks-kldyktagy-kyzdy-bden-azaptagan-erli-zajypty-lemdi-drliktirdi/

pixel