Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Инабатты келін бол: Шімән апа қазақтың келіндеріне ән арнады (видео)

Опубликовано:

Шімән апа образымен қалың көпшілікке танымал болған Ерболат Төлегенов қазақ келіндеріне ән арнады. Су жаңа бейнебаянға елімізге танымал әншілер Жанар Айжанова, Мөлдір Әуелбекова, Сейфуллин Жолбарыс түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Шімән апаны бейнебаяны. Скриншот: Видеодан
Шімән апаны бейнебаяны. Скриншот: Видеодан: UGC

Қазақ халқында келіннің отбасындағы рөлі мен орны өзінше бір бөлек. "Келіні жақсы үйдің керегесі алтын" дейді ата-бабаларымыз. Соған қоса, ененің мектебінен шыққан келіндер өте мықты шыңдалады. Шімән апаның жаңа бейнебаяны сол келіндердің қасиеттері мен қылықтары туралы.

Бейнебаянды көрген желі қолданушылары оның тәрбиелік мәні бар екенін және сюжеті қызық болғанын жазуда.

"Сүйемін-күйемін дегенше осындай тәрбилеік мәні бар клип түсрімей ме?! Жарайсың, Шімән апа!", "Көңілді клип екен", "Қазіргі келіндер көріп, тәрбие алатын дүние екен",-деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1713312-inabatty-kelin-bol-simn-apa-kazakty-kelinderine-n-arnady-video/

pixel