RU

Астананың үскірік аязында жұртқа ыстық шай таратқан имамдар көпшілікті тәнті етті (видео)

Астана имамдары күннің қақаған аязында жұмысшыларға ыстық шай таратып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Астана орталық мешіті акция аясында тегін такси ұйымдастырып, жағдайы төмен отбасыларына тегін көмір үлестіруде. Сонымен қатар құрылысшылар мен аула сыпырушыларға тегін ыстық тамақ үлестіруде", - деп жазған Astana.day атты Instagram парақшасы бұл жайттың видеосымен бөлісті.

Видеода жұмысшылар Астана медресесінен тамақ ішіп, ыстық шай мен нан алып кетіп жатқаны байқалады. Видео авторының айтуынша, қалада 40 градус аязда 200 адамға тегін тамақ таратылған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713313-astanany-skirik-aazynda-zrtka-ystyk-saj-taratkan-imamdar-kpsilikti-tnti-etti-video.html