RU

Тұрмысқа шығатынына балаша қуанған бойжеткен желіде жұлдыз болды

Әлеуметтік желіде тұрмысқа шығатынына балаша қуанған арудың видеосы тарады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видеода қара нәсілді бойжеткенге сүйіктісі тізерлеп тұрып ұсыныс жасап жатқаны байқалады. Жүзікті көрген ару сол сәтте кеудесін керген қуаныштан билеп жібереді. Пікір қалдырушылар бойжеткеннің қатты қуанғанына таңданыстарын жазуда.

"Бәлкім олардың елінде мұндай жағдай сирек болатын шығар", "Бойжеткен бұл сәтті ұзақ күткен болуы керек", "Ол күйеуге емес, жүзікке қатты қуанып тұрғандай", - деп жазған желі қолданушылары.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713319-trmyska-sygatynyna-balasa-kuangan-bojzetken-zelide-zldyz-boldy.html