Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көрмеген қорлығым жоқ: Шымкенттік әйел сіңлісін зорлаған күйеуі туралы айтып, егіле жылады

Опубликовано:

NUR.KZ порталының + 7747 535 12 98 WhatsApp нөміріне хабарласқан шымкенттік тұрғын 14 жыл бірге тұрған күйеуінен көрген қорлығы туралы айтты. Қатты зәбірленіп, амалы таусылған келіншек елден ақыл-кеңес сұрады.

Көрмеген қорлығым жоқ: Шымкент тұрғыны 14 жыл отасқан күйеуінен көрген зәбірін айтып, егіле жылады
Көрмеген қорлығым жоқ: Шымкент тұрғыны 14 жыл отасқан күйеуінен көрген зәбірін айтып, егіле жылады: UGC

Редакция оқырман хатын қаз-қалпында жариялауды жөн көрді.

Сәлеметсіздер ме? Менің тұрмыс құрғаныма 14 жыл болды. Осы жылдар ішінде көрмеген қорлығым қалмады. Күйеуіме деген сезім мүлдем жоқ. Жай бірге тұрғасын, жаным ашиды. Балаларым үшін тұрып келемін. Басында бәрі жақсы болатын. Ол ақшаны жақсы табады. Туысқаншыл еді. Бірақ көп қыдырды, ішті, сөйтіп кеп мені ұратын. Маған ешкім араша болмады. Зинақорлықтың шет-шегіне жетіп жүрді. Ақшасын менен басқаларының бәрі пайдаланды. Ал мені адам құрлы көрмеді. Тіпті той-жиынға жібермейтін, - деген ол ауқатты күйеуі ақыры кедейленіп, ақшасынан да айырылғанын айтады.

Ең сорақысы, оның күйеуі өзге әйелдерге барып, әйелін көңілдестерімен бірігіп ұрған күні де болыпты.

Ақыры күйеуім ішкім болып тынды. Бүкіл ақшасынан да, достарынан да айырылды. Ақыл кіре ме деп едім, ақылы кірмепті. Бүкіл тапқан ақшасын туыстарына таратып беретін. Алладан сұрап, ол өзгерсе екен деп тіледім. Жасаған қиянаттарына қарамай, оны сыйлап, айтқанын екі етпедім. Бірақ олай болмады. Оның істегендері әлі есімнен кетпейді. Қанша рет басымнанұрып, жарды. Мұрнымды дабдала қылып, елдің алдында бет-аузым көгеріп таяқ та жедім. Тіпті бір күні көңілдестерімен бірге мені мазақ қылғаны бар. Бірнеше рет венерологиялық аурулардан емделдім. Үнемі емделумен келемін. Шаршадым.

Аты-жөнін айтып, артынша телефонын сөндіріп тастаған оқырман өмірінің тағы бір сорақы тұсымен бөлісті. Оның айтуынша, күйеуі туыс сіңлісін де зорлағанын өз аузымен айтып берген.

Ең сорақысы, туыс сіңлімді қорқытып, зорлап келгені. 5 жылдан соң мақтанып, өзі айтып берді. Сол сәтте пышақ тығып алғым келді. Қазір бәрі орнына келе бастағандай. Балалар өсті. Бәрі жақсы. Күліп, сөйлесіп жүре беремін. Бірақ менің өмірім жасанды сияқты көрінеді. Мен бұл сырмен бөліскенім, елдің пікірін білгім келеді. Жалғыз өзім ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айыра алмай қалдым...", - деп жазған оқырман.

Егер бізге айтар маңызды немесе қызықты жаңалығыңыз болса + 7 747 535 129 98 WhatsApp нөміріне жолдаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1713323-krmegen-korlygym-zok-symkenttik-jel-silisin-zorlagan-kjeui-turaly-ajtyp-egile-zylady/

pixel