Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ызғарлы күнде әйелді ен далаға тастап кеткен жүргізуші жұрттың ашуына тиді

Опубликовано:

Қалааралық автобус жүргізушісі жолаушыны Астана мен Степногорск арасындағы ен далада ызғарлы күнге қарамастан, тастап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Автобус жүргізушісі ызғарлы күні қазақстандық әйелді ен далаға тастап кетті
Автобус жүргізушісі ызғарлы күні қазақстандық әйелді ен далаға тастап кетті: UGC

Бұл жағдай туралы зардап шегушінің танысы Жанна Нұрмағамбетова мәлімдеді.

Әйелдің сөзіне сенсек, оның құрбысы Жанна Шайменованы автобус жүргізушісі жападан жалғыз ен далаға қалдырып кеткен. Оқиға 22 қаңтар күні шамамен сағат кешкі жетілерде болады.

Жанна құрбысының бұл жайтты қалай баяндағанын назарға салды.

"Автобус он минутқа аялдап тұрды. Жеті адам шықты. Әжетханада кезекке соңғы болып тұрғанмын. Шықсам, автобус баяу орнынан қозғалып жатыр", - дейді зардап шегуші.

Жаннаның сөзіне сенсек, ол бірден автобустың артынан жүгіріп, айқайлай бастаған. Алайда оны көріп тұрған автобус жүргізушісі түк болмағандай әрі қарай кете беріпті.

"Мен ен далада қалып қойдым. Телефонымның қуаты 11 пайыз ғана еді. Не істерімді білмей, еңіреп жылап келе жаттым. Аллаға шүкір, мейірімді жандар табылды", - дейді ол.

Жолай өтіп бара жатқан куәгерлер оны жанармай құю бекетіне дейін жеткізіп салған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1713324-yzgarly-knde-jeldi-en-dalaga-tastap-ketken-zrgizusi-zrtty-asuyna-tidi/

pixel