RU

Алтынай Жорабаева бұрынғы күйеуі Сәбитпен мүлде араласпайтынын айтты

Осыдан үш жыл бұрын актер Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасып кеткен Алтынай Жорабаева жеке өмірі туралы осы уақытқа дейін көп ашылып айтпаған еді. Ұлттық арнадағы жуырда тұсауы кесілген "Бақытты әйел" бағдарламасына келген әнші бүгінде Сәбитпен мүлдем араласпайтынын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Сәбитпен араласпаймын. Бақытты болсын, басқа не деймін?! Өмір ғой ол, ары қарай өмір сүру керекпіз. Өмір мұнымен тоқтап қалған жоқ. Алла бұйырса, бәрі жақсы болады!",-деді ол.

Сондай-ақ әнші екінші рет тұрмысқа шығуым мүмкін деген ақпараттың рас екенін айтты.

"Өзім қалаған адам кездесіп, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасап жатса, қыздарыммен ақылдаса отырып шешемін",-деді Алтынай.

Сондай-ақ ол өзін балаларының тұсаукесер рәсіміне шақыратын отбасылардан ажырасқан әйел болғаны үшін ұялатынын жазған еді. Бірақ Қарақ Әбілдина мен Айнұр Тұрсынбаеваның ақылынан кейін, ойын өзгерткенін айтты.

«Үш жыл бұрын менде комплекс болды. Жұрт не ойлап қалады, ата-анама қатты бата ма екен дегендей әртүрлі ой санамда жүрді. Сосын Айнұр құрбым мен Қарақат біраз басып-басып: «Сен халықтың алдында жүрген адамсың. Әрбір қазақ қызы сендей-ақ болсын. Кімнің өмірінде ондай болмай жатыр. Ешкім ешкімге күлуге қақысы жоқ. Ең бастысы сенің өнерде оза шауып жүргенің. Көптің сүйіктісі болу кез-келген адамның өмірінде бола бермейтін жағдай. Сол себепті сендей болғысы келетін қаншама қыздар жүр. Неге сендей болмасқа?! Мұндай сөзіңді қой» деп қаттырақ айтты.

Тұсаукесу маған бұйырып тұрса, ол да үлкен бақыт. Өз қыздарыма да: Мендей болыңдар. Өмірлік ұстанымдарың менікіндей болса жаман болмайсыңдар деймін",-деп ағынан жарылды Жорабаева.

Айта кететіні, бірінші жарымен ажырасқаннан кейін, Алтынай елордамыз Астанаға қоныс аударды. Ол төрт бірдей қызын бүгінде жалғыз өзі тәрбиелеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713331-altynaj-zorabaeva-bryngy-kjeui-sbitpen-mlde-aralaspajtynyn-ajtty.html