RU

Гель лак жағуға әуес әйелдер тырнағынан айырылуы мүмкін

Ресейлік косметолог гель лак жағуға әуес әйелдердің тырнағынан айырылуы мүмкін екенін айтып, дабыл қақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Гель лак жағуға әуес әйелдер тырнағынан айырылуы мүмкін
Гель лак жағуға әуес әйелдер тырнағынан айырылуы мүмкін: UGC

Ол тырнақтардың лактан сәл де болса тынығуы керектігін ескертуде. Ал тырнағын жасанды өсіріп, гель лак жаға беретіндер бірталай қиындықтарға тап болуы мүмкін екен.

Мәселен, тырнақ әлсіреп, сынғыш бола бастайды, қисық өсе бастауы да ғажап емес.

"Тіпті күндердің бір күні мүлде тырнақсыз қалуыңыз мүмкін. Мен тырнақты мүлде боямау керек демеймін. Тек тырнақ бояуда шектен шығып, оған тым қатты әуестенбеуге шақырамын", - дейді косметолог, медицина ғылымдарыны кандидаты әрі жоғары санатты дәрігер Наталья Заторская.

Ол сапасыз салондарда гель лак жаққандар түрлі инфекция жұқтыруы мүмкін екенін де атап өтті.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713340-gel-lak-zaguga-ues-jelder-tyrnagynan-ajyryluy-mmkin.html