RU

Ақшақұмар әйел 15 жастағы туған қызы мен жиенін жезөкшелікке жеккен

Буэнос-Айрестің 42 жастағы тұрғыны 15 жасар қызы мен жиенін жезөкшелер сайтында сатылымға қойып келген. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақшақұмар әйел 15 жастағы туған қызы мен жиенін жезөкшелікке жеккен. Көрнекі фото: vecher.kz
Ақшақұмар әйел 15 жастағы туған қызы мен жиенін жезөкшелікке жеккен. Көрнекі фото: vecher.kz: UGC

Тінту кезінде полицейлер оның үйінен париктер, секс-ойыншықтар мен ұялы телефондарды табады. Одан бөлек пәтерде қыздардың бірі дүниеге әкелген нәресте де болған.

Белгілі болғандай, Жаңа жыл қарсаңында жиені мен қызы анасына қонаққа келеді. Әйел бірден олардың суреттерін жезөкшелер сайтында жариялап, оларды клиенттерге сатып отырыпты.

Ал клиенттер екі қыздың да кәмелет жасқа толмағанынан бейхабар болған. Әйел әр клиентке қыздарды 4,5 мың рубльға бір түнге беріп отырыпты. Енді қыздың анасы кемінде он жылын түрмеде өткізетін болады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713352-aksakmar-jel-15-zastagy-tugan-kyzy-men-zienin-zezkselikke-zekken.html