RU

Танымал діндарға қыздығынан айырылғанын айтқан бойжеткен желіде ұятқа қалды

Желі қолданушысы Facebook парақшасында қыздығынан қалай айырылғаны туралы жазамын деп ұятқа қалды. Оқырмандар оның жазбасына түрлі жағымсыз пікірлер қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Қымбат Қайратованың Facebook парақшасынан
Қымбат Қайратованың Facebook парақшасынан: UGC

Facebook желісінде Қымбат Қайратова деп тіркелген ару Әбдіғаппар Смановтың "Пәк қызға үйлену" туралы уағызына қарсылық білдірген.

Аталмыш видеода имам жігіттер қауымына барынша пәк қыз алуға кеңес береді. Азаматтар оның айтқанын тыңдаса, жалғыз қалып қоямын ба деп қорыққан болуы керек, бойжеткен өз парақшасында басынан өткенін жазып, уағызға қарсы пікір жариялапты.

Қымбат Қайратованың Facebook парақшасынан скриншот
Қымбат Қайратованың Facebook парақшасынан скриншот: UGC

Имамның видеосына пікір айтамын деп, өзінің сырын ашқан қызды желі қолданушылары түрлі сөздермен балағаттап, жағымсыз пікірлер қалдыруда.

Сабыртай Махамбеттегі: "Өзіне бір-ақ рет берілетін пердеге ие бола алмаған мисыздар деп ойлаймын. Сол перденің болмағаны үшін қаншама жанұя бұзылды. Сонда кім кінәлі ?! Өздеріңе сұрақ қойыңдаршы қыздар?!"

Айша Муслима: "Қыздығыңды берген өзің кінәлісің менің кінәм жоқ дейді ғой ақымақ"

Казбек Хоренов: "Шырағым елге жар салып не болды біздер кім едік осы қызды алсаң да алмасаң ал дейтін масқара болдық ғой", - деп жазған.

Айта кетейік, Қымбат ханым парақшасында өзін "Тым ерке қызбын" деп сипаттапты. Сондай-ақ ол өзінің ҚазҰУ түлегі екенін де жазып қойған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713421-tanymal-dindarga-kyzdygynan-ajyrylganyn-ajtkan-bojzetken-zelide-atka-kaldy.html