Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саясаттағы мансабы сәтсіз болған жезөкше бұрынғы жұмысына қайта оралды

Опубликовано:

60 жастағы Фелицитас Широу Берлиндегі танымал жезөкшелердің бірі болып, кейінірек саясатта бағын сынап көрмек болған. Алайда деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Саясат пен бизнеске ауысып, таза жолға түскісі келген Широу жеке кафесін ашып, әйелдер құқығын қорғайтын белсенді ретінде таныла бастаған. Ол жезөкшелікті "толыққанды кәсіп" ретінде мойындатып үлгерген.

Алайда көп ұзамай кәсібі құрдымға кетіп, жеке өмірінде де төңкеріс болады. Ол тіпті пәтер ақысын төлей алмай қалған соң, бұрынғы кәсібіне қайта келуді жөн санапты.

Осылайша, 60 жастағы әйел 15 жыл бұрын қоштасқан "жезөкшелік жұмысына" оралып, өзін-өзі қамтуды қолға алған.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

"Жұмыспен қамту орталығы маған әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартты. Яғни мемлекет мені жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр етіп отыр", - дейді Фелицитас Широу

Желіде Фелицитас Широудың суреттері қайта пайда болды. 60 жастағы әйел өзінің бір сағатын 200 еуро деп бағалайды екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1713444-saasattagy-mansaby-stsiz-bolgan-zezkse-bryngy-zmysyna-kajta-oraldy/

pixel