Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бет қаратпайтын қатты аяз әлі де біраз тұрақтайды

Опубликовано:

Суық антициклон алдағы үш тәулікте Қазақстаннан кетпей, республиканың көптеген облыстарына орныққан қатты аяз әлі сақталады деп хабарлайды Қазгидромет.

ауа райы

Өткен тәуліктерде орталық, оңтүстік-шығыс және оңтүстік облыстардың кей жерлерінде ауа температурасы климаттық нормадан 3-8°С төмен, ал солтүстік пен шығыста 10-18°С, қиыр шығыста нормадан 20-23°C төмен болды.

Сол уақытта, республиканың батыс облыстарында оңтүстік-батыс тропосфералық ағынның әсерінен, Иран мен Қара теңіз аудандарынан жылы ауа келіп, бұл осы жерлерде ауа температурасының нормадан 3-5°С жоғары көтеруде.

Қаңтардың 25-27 күндері батыст пен оңтүстікте кей жерлерде төменгі боран, екпіні 23-28 м/с, 15-20 жел соғып, бұл 200-500 м дейін көруді нашарлатады.

Қазақстанның үш облысында, болжанатын қатты желге орай, дауылды ескерту жарияланды.

Қызылорда облысында 24 күндіз, 25-27 қаңтарда тәулік бойы шығыс, солтүстік-шығыс желі кей жерлерде 18-23, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және артық болып сақталады.

Ақтөбе облысында 24 күні күндіз, 25 қаңтарда тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса сақталады.

Оңтүстік Қазақстан облысында 25-27 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 18-23, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1713451-elimizde-bet-karatpajtyn-katty-aaz-li-de-biraz-traktajdy/

pixel