RU

Алматының бірқатар мектептерінде сабақ болмай қалды

25 қаңтарда Алматыдағы 6 мектептің бастауыш сыныптары аязға байланысты сабақтан босатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алматы

Қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ләззат Жылқыбаева Алматының жоғарғы бөлігінде орналасқан мектептерде сабақ болмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, «Қазақфильм» шағын ауданында сағат таңғы 5.00-де термометр - 29 градусты көрсеткен.

25 қаңтар күні таңертең Алатау ауданында: «Заря-Восток» шағын ауданындағы №150 мектеп, Бостандық ауданы: «Нұрлытау» шағын ауданындағы №190 мектеп, «Қазақфильм» шағын ауданындағы №70 және №88 мектеп. Наурызбай ауданы: «Қарағайлы» шағын ауданындағы №192 мектеп, Медеу ауданы: Алатау ауылындағы №7 мектеп оқушыларын сабақтан босату туралы шешім қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713515-almatyny-birkatar-mektepterinde-sabak-bolmaj-kaldy.html