RU
Алтынай Жорабаева концерт кезінде Назарбаевтың не айтқанын мәлімдеді

Алтынай Жорабаева концерт кезінде Назарбаевтың не айтқанын мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

2017 жылдың желтоқсан айында Астананың 20 жылдығына арналған мерекелік кеште ел президенті Алтынай Жорабаеваның қолын алып, әншімен қысқа ғана әңгімелескен еді. "Бақытты әйел" бағдарламасына келген әнші алғаш рет елбасының сол сәтте өзіне не дегенін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ

«Тоғызыншы желтоқсан Астанада жеке ән кешім болатын болып, сол кешке елбасын арнайы шақырған едім. Бірақ жылдың соңы, оның үстіне басшы адамның қарбалас жұмысы көп болғандықтан ол кісі кешке келе алмады. Бірақ оның ертесі өткен үлкен іс-шарада елбасы орнынан тұрып: «Бері кел Алтынай» деп шақырғанда қорқып-дірілдеп, не істерімді білмей қалдым",-деді ол.

Әншінің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев оның концертіне бара алмағандықтан, ертесі өткен мерекелік кеште Алтынайды ұйымдастырушыларға айтып, арнайы сұратып алған.

"Сол кезде қолымды алып: «Айналайын, кеше концертің жақсы өтті ме? Шақырғаныңа рақмет, келе алмадым. Бірақ бүгінгі концертке сені менің алдымда ән салып берсін деп айтып едім, сөзімді жерге қалдырмай келгеніңе рақмет!» деп айтты. Сол сөзді елбасы бола тұрып, маған айтқанының өзі қуаныш. Мұндай сәт ешқандай әншіде болмады деп ойлаймын", - деді ол.

Айта кететіні, бұған дейін елбасының қолын алған Алтынай Жорабаеваның қуанышында шек болмағанын жазған едік. Әнші аталған сәттің видеосын желідегі оқырмандарымен бөлісіп, еңбегінің бағаланғанына бақытты екенін жазған.

Сіздің реакцияңыз
15
9
5
1
3
98
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel