RU

Тоңып тұрған жігіттерді тегін тасыған отандық миллионерді тонап кетті (видео)

Отандық миллионер Қайрат Құдайберген ызғарлы күні далада қалған жігіттерге жақсылық жасаймын деп өкініп қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы миллионердің желі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ызғарлы күні жұртқа жақсылық жасаған миллионер Қайрат Құдайберген опық жеді. Фото Қайраттың желі парақшасынан алынды
Ызғарлы күні жұртқа жақсылық жасаған миллионер Қайрат Құдайберген опық жеді. Фото Қайраттың желі парақшасынан алынды: UGC

Қайрат Құдайберген жақсылыққа жамандықпен жауап қататын адамдардың жоқ емес екеніне кезекті рет көз жеткізген.

"Адамдарды жақсырақ таныған сайын, иттерді қаттырақ жақсы көремін. Жақсылығыңа жамандықпен жауап қататындар да бар... Бүгін түнде (сағат 23.50) үйге қайтып бара жатып, мына екі жігітті "Тау Дастарханның" қасынан көріп қалдым. Шамамен -25 градустық аяз тұрды.

Айналада көлік те, такси де байқалмады. Сол себепті, жігіттерді жеткізіп салуды ұйғардым. Көлікке отырған жігіттер мәз болып, Әл-Фарабиге дейін жеткізіп салуымды сұрады. Жолақысы қажет емес дегеніме таң болған жігіттер Әл-Фарабиге жеткенде күлімсіреп, рақметін айтып шығып кетті.

Шығарда өз рюкзактарымен қоса менің ұялы телефонымды да ала кетіпті... Басында мен телефонымды түсіріп алған шығармын деп көлігімді тінтіп шықтым. Телефоным артқы орындықта жатқан болатын, орнында жоқ екен.

Ұялы телефон мен үшін айтарлықтай құнды емес, тек ондағы отбасылық суреттер мен естеліктер маңызды", - деп оқиғаны баяндаған Қайрат жігітті танығандар болса, хабарласуын өтінді.

Сол арада, видеодағы жігіт табылып, телефонды шатастырып алып кеткенін алға тартыпты. Алайда Қайрат Құдайберген бұл "өтірікке сенбейтінін айтуда".

"Достар, сіздердің арқаларыңызда біз видеодағы кейіпкерді таптық. Жігіттердің бірі көлікте ұйықтап кетіп, шығарда менің телефонымды өзінікімен шатастырып алып кеткенін айтты.

Шатастырған шығар деген оймен олар туралы жаман ойлағаныма ұялған сәтім де болды. Алайда біраз ойланғаннан кейін оның сөзі шындыққа жанаспайтынына көзім жетті:

1. Мен өз телефоныма 25 рет қоңырау шалдым, оның әлгі жігіт айтып отырғандай, үнсіз режимде еместігін нақты білетінмін. 2. Менің телефонымды өшіріп тастауға тырысқан, алайда телефонға құпия сөз қойып тастағаным бұған кедергі болған. 3. Телефоннан сим-картаны алып, лақтырып тастаған...

Достар, көлікке жақсылық жасау ойымен бөтен адамдарды отырғызбас бұрын, олардың сізге жамандық жасамайтынына көз жеткізіп алыңыздар. Ринат есімді екінші жігіт ештеңе білмедім деп отыр, солай шығар деп үміттеменім", - деп ойын түйді Қайрат.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713546-toyp-trgan-zigitterdi-tegin-tasygan-otandyk-millionerdi-tonap-ketti-video.html