Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жуырда ғана ажырасқан белгілі әнші жеке өміріне араласатындарға өкпесін айтты

Опубликовано:

Жуырда ғана «ажырасқанын» айтып, экс-келіншегі Айым Алтынбековамен ат-құйрығын үзіскен Дидар Кәденнің бүгінде ғаламторда намысына тиетіндердің саны күрт өскен көрінеді. Әнші Instagram желісінде «тікелей эфирге» бас сұға қалса, оқырмандары жағымсыз пікірлерді жарыса жазады екен. NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында өнер иесі болған жайдың барлығын баяндап берді.

Дидар Кәден, Айым Алтынбекова. Фото: Интернет желісінен
Дидар Кәден, Айым Алтынбекова. Фото: Интернет желісінен: UGC

«Жеке өмірге қатысты сұрақтар көп қойылады. Алғашқыда дұрыстап түсіндіресің. Кейін айтқан сөзіңді түсінбегеннен кейін, амалдың жоқтығынан блокқа тығасың. Кейбір телефонның арғы жағына отырып алып, батыр болатын бауырларымыз бар. Өкінішке орай, сөз түсінбейтін, боқауыз сөздер жазатын оқырмандар да кездеседі. Жағымсыз пікірді көп жазатын жандарды блокқа тығамын. Оқырмандарыма: "Жақсы сөйлейік, бір-бірімізге ғайбат сөйлемейік!" деп айтып отырамын. Кейде жәй, кейде ұрсып айтатын сәттер болады. Әр нәрсенің сұрауы бар ғой», - дейді әртіс.

Дидар жеке өміріне тіл тигізіп, қазбалап сұрақ қоятын оқырмандарымен жаға жыртысуға дайын болған. Әншінің бұл тақырыпқа қатысты бастан кешкен оқиғасы да бар екен.

«Кей кездері мен: "Бауырым, айтқан сөздеріңе жауап бере алсаң, мен осы мекен-жайда отырмын. Келіп жауап берші!" деймін. Кейбір сәттерде кездесудің орынын белгілеп, оларды күткен жағдайлар болды. Бірақ сәл уақыттан соң, ғаламторда батыр болып отырған жігіттер екенін түсініп, олардың сөздерінде тұрмайтындарын ұғасың», - дейді Дидар.

Дидардың айтуынша, желідегілердің әншілер өміріне белсене араласуына ғаламтордың қосқан үлесі зор.

«Бұл пікірмен келісемін. Бұл ғаламтордың кесірі деп ойлаймын. Мысалы, кезінде Instagram-сыз жылдап көрмейтін ағаларымыз әлі күнге дейін көз алдымызда жүр ғой. Оқырмандардың жеке өмірге араласуына өзіміз кінәліміз. Өйткені, өнер адамдары жүрген жерінде «Дүкенге бардым, мына жерге бардым, ұшып бара жатырмын. Бала-шағаммен жүрмін, мен үйлендім, демалып жатырмын» - деп оқырмандарды үйретіп тастадық. Көрінбей кетсең: "Неге сурет салмайсың, қайда кеттің, бір жағдай болып қалды ма?" деп өздері сұрай бастайды.

Кішкене өнерпаздар өз аттарына лайық болатындай, сол құрметке сай болатындай жүргені дұрыс. Керісінше парақшаңа жаңа әндеріңді жүктеп, көпшілікті қызықтыра білсең, сол кезде мұндай жағдай болмас еді», - дейді әнші.

Дидар Кәден, Айым Алтынбекова. Фото: Интернет желісінен
Дидар Кәден, Айым Алтынбекова. Фото: Интернет желісінен: UGC

Сондай-ақ, құпиясы қалмаған өнер адамдарының құны түсіп кеткенін де жасырмады. Қазақстанда белең алған бұл құбылысқа шетел жұлдыздарының әсері бар екенін айтады.

«Ғаламтордан шетел жұлдыздарын көріп, бізбен салыстырады. "Мына жақтағылар ажырасып жатыр, сіздер де ажырасып кеттіңіздер ме немесе мына жақта бір жұлдыз адам қағып кетті" деген сияқты арзан дүниелерді жазады?», - дейді Дидар.

Айта кетейік, Дидар мен Айым 2015-ші жылдың қараша айында шаңырақ көтерген болатын. Бүгінде экс-жұбайлардың ортақ некесінен 1,5 жасар Дияр есімді ұлдары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1713559-zuyrda-gana-azyraskan-belgili-nsi-zeke-mirine-aralasatyndarga-kpesin-ajtty/

pixel