RU

Дәрігерлер жұқа капрон киемін деп аяғын үсітіп алған қыздың жағдайын айтты

Астаналық дәрігерлер жұқа колготки киіп, аяқтары үсіп қалған студент қыз туралы ақпаратты растады. Мамандар оның қазіргі жағдайы туралы айтып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Суықтан үсіген бойжеткеннің аяғы
Суықтан үсіген бойжеткеннің аяғы: UGC

Науқас қазір Астанадағы №1 қалалық ауруханаға түсіп, оны хирургия және колопроктология бөліміне орналастырған. Оның аяқтарын I-II дәрежелі үсік шалыпты.

Дәрігерлер сөзіне сүйенсек, 23 қаңтар күні түскі уақытта студент қыз үйіне жақын жердегі университетіне жұқа киіммен жүгіріп бара салмақ болған. Қақаған аязды елемей өткісі келген аруға дәрігерлер алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, ертеңіне-ақ үйіне шығарған.

Енді ол ұзақ уақыт бойы тыртығының бетін таңуға келіп, үсік шалған аяқ терілерін тірілтпек.

Естеріңізге салсақ, Астананың - 40 градус болатын сарышұнақ аязында тым "жеңіл" киім болып саналатын жұқа шұлықпен (колготки) университетіне жүгіріп барған елордалық бойжеткеннің аяқтары қатты үсіп қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713565-drigerler-zka-kapron-kiemin-dep-aagyn-sitip-algan-kyzdy-zagdajyn-ajtty.html