RU

Дастан Оразбеков әріптестерін атышулы 91 тобынан қорықпауға шақырды

«91» тобын сынға алып, олардың қазақ өнері үшін қауіпті екенін айтушы танымал әншілердің қатары аз болмады. Әлі де аталған топтың әнін сынайтындардың қатары сирер емес. Осыған орай "Орда" тобының әншісі Дастан Оразбеков әріптестерін 91 тобынан қорықпауға шақырды деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Дастан Оразбеков. Скриншот: Видеодан
Дастан Оразбеков. Скриншот: Видеодан: UGC

"Кью-поп көбейіп бара жатыр, менің өнерім кеміп бара жатыр деп ойлап жүрсең, онда сен кеміп қаласың. Қайсымыз болмасақ та, бәріміз қысық көздерміз ғой. Сондықтан да, бір-бірімізге жақын болайық. Ол да ағым, оны да көре жатармыз. Оны да сезінерміз, одан да өтерміз. Басқа да бағыт келуі мүмкін. Лайым музыка тірі болсын",-деді әнші.

Айта кететіні, атышулы 91 тобын қазақ сахнасындағы көптеген әншілер сынға алды. Олардың қатарында Сәкен Майғазиев, Тоқтар Серіков сынды белді әртістер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713596-dastan-orazbekov-riptesterin-atysuly-91-tobynan-korykpauga-sakyrdy.html