RU

Астанада ұшып бара жатқан үйрек мұз боп қатып қалды (видео)

Астаналық тұрғын мұзға айналған үйректі видеоға түсірген. Айтуынша, байқұс үйрек ұшып бара жатқан жерінде қатып қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Астанада ұшып бара жатқан үйрек мұз боп қатып қалды. Скриншот: Видеодан
Астанада ұшып бара жатқан үйрек мұз боп қатып қалды. Скриншот: Видеодан: UGC

«Астанада иттер мен мысықтардың қатып қалған видеолары көп. Өзімнің коттеджіме келіп, мынаның не екенін түсінбедім. Жақсылап мән берген кезде үйрек екенін білдім.

Ол ұшып бара жатып, мұз болып қатып қалған сияқты. Сенесіз бе? Міне, қараңыз. Үйректердің өзі қатып жатыр. Астан – қатал қала,- дейді тұрғын.

Видеоның қаншалықты рас екені бізге беймәлім. Бірақ соңғы күндері Астанада ауа-райы минус 40 градус.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713645-astanada-syp-bara-zatkan-jrek-mz-bop-katyp-kaldy-video.html