RU

Қолын бір сілтеді: Туған анасы бас тартқан 11 жасар қыздың тағдыры елді жылатты

Туған анасы мен әкесі қараудан бас тартқан 11 жасар қыздың тағдыры елді жылатты. Журналист Гүлмира Әбіқайдың айтуынша, қыз тіпті нағашы әжесі мен атасына да керек емес болып шыққан.

гулмира абыкай
Фото: instagram: UGC

Бұл туралы журналист өзінің Instagram парақшасына жазды.

"Бұл үйден көңілім пәсейіп шықты. Небәрі 11 жасар қыз. Анасы көшенің тура ортасына тастап кетті, әкесі маған керек жоқ деп қолын бір сілтеді. Мына үйден нағашы апа, атасын тауып қуанған көңілім су сепкендей басылды. Олар да туған немереден азар да безер бас тартты. Өзін футбол добы сезініп, әркімге жалтақтаған кішкентай қыздан мен ұялдым...
Осындайда айналайын Үкімет еске түсті, ертең мемлекет қарауына өткіземіз!", - деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Ал желі қолданушылары жақындары теріс айналған қаршадай қыздың тағдырына алаңдап, түрлі пікірлерін аямады.

"Менің төрт ұлым бар. Қызым жоқ. Мен асырап алар едім", "11 жастағы жалғыз қызым бар. Мен асырап алайыншы, екеуі егіздей болып жүрер еді", - жеп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713674-kolyn-bir-siltedi-tugan-anasy-bas-tartkan-11-zasar-kyzdy-tagdyry-eldi-zylatty.html