Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың мұнтаздай таза ас үйі көпшілікті тамсандырды

Опубликовано:

Қайрат Нұртастың мұнтаздай таза және дизайны ерекше ас үйі көпшілікті тамсандырды. Әншінің жары Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram желісінде ас бөлмесінде сәбізден жасалған бәлішті қалай жасайтынын көрсетті.

Жұлдыз Әбдукәрімова. Скриншот: Видеодан
Жұлдыз Әбдукәрімова. Скриншот: Видеодан: UGC

"Ұзақ уақыт бойы балалар мен отбасымнан қолым босамағандықтан, ешқандай қызықты дүние сала алмадым. Бірақ бүгін әдеттегі күнімнің кішкентай ғана бөлігін түсіруге уақыт таптым. Сіздерге қызық болатын мини ролик. Мен жылдам дайындалатын пайдалы және өте дәмді сәбіз бәлішін пісірдім",-деп жазды ол видео жанына.

Актрисаның ас үйін көрген желідегілер оның ерекше әдемі, әрі, мұнтаздай таза екенін жарыса жазды.

"Қандай әдемі бөлме! Бәрі орын-орнында тұр", "Тамаша жансыз, Жұлдыз! Үйлеріңіз де сондай жинақы екен", "Пысық келіншек! Орамал таққан сондай жарасады", "Ас үйдегі балықтарыңыз бен шамдарыңыз ерекше көрінеді екен!", "Арманымдағы ас бөлмесі, бізге де жұғысты болсын",-деп жазды желідегі қыз-келіншектер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1713696-kajrat-nrtasty-mntazdaj-taza-as-ji-kpsilikti-tamsandyrdy/

pixel