Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігітінің көлігі тым арзан екенін білген арудың махаббаты өшіп қалды

Опубликовано:

Қытайда бойжеткен жігітінің Porsche көлігі шын мәнінде арзан көлік екенін біліп қойып, онымен айырылысып кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы topgir.com.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жігітінің қымбат көлігі жоқтығын біліп қойған арудың оған деген махаббаты өшіп қалды. Фото: topgir.com.ua
Жігітінің қымбат көлігі жоқтығын біліп қойған арудың оған деген махаббаты өшіп қалды. Фото: topgir.com.ua: UGC

Түнгі клубта жігітпен алғаш танысқан ару бастапқыда оны ұната қоймайды. Алайда ол жігіттің Porsche Macan көлігін көре салып, оған ессіз ғашық екенін түсініпті.

Бір қызығы, бойжеткеннің шексіз махаббаты тек екі аптаға созылған. Себебі, ол көп ұзамай жігіттің темір тұлпары шын мәнінде 23 мың доллар ғана тұратын жалған Porsche Macan екенін біліп қояды.

Жігітінің қымбат көлігі жоқтығын біліп қойған арудың оған деген махаббаты өшіп қалды
Жігітінің қымбат көлігі жоқтығын біліп қойған арудың оған деген махаббаты өшіп қалды: UGC

Аруға бұл шындықты көліктерден жақсы хабары бар достарының бірі жайып салған. Ол жігітінің көлігінің суретімен мақтанып отырған бойжеткенге көліктің шынайы маркасы қытайлық Zotye SR9 екенін айтыпты.

Бұл жайтты естіген ару көп ойланбастан жаңа жігітімен айырылысып кеткен.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1713710-zigitini-kligi-tym-arzan-ekenin-bilgen-arudy-mahabbaty-sip-kaldy/

pixel