RU

Төсек қатынасының аздығы әйелдердің денсаулығына зиян болып шықты

Ғалымдар төсек қатынасының аз болуы әйелдердің денсаулығына кері әсер ететінін дәлелдеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы opennov.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төсек қатынасының аздығы әйелдердің денсаулығын құртатыны анықталды. Көрнекі фото: opennov.ru
Төсек қатынасының аздығы әйелдердің денсаулығын құртатыны анықталды. Көрнекі фото: opennov.ru: UGC

Ағзадағы эстроген гормонының саны төсек қатынасы жоқтығынан азайып кететіні байқалған. Бұл өз алдына әйелдің денсаулығына тікелей әсер ететін болып шықты.

Салдарынан нәзік жандылар қынаптық атрофия дертіне шалдығуы мүмкін. Аталмыш дерт кезінде әйелдің әуретті жері қышып, аши бастайды, белгісіз сұйықтықтар бөлініп, төсек қатынасы және кіші дәрет кезінде ауырсынулар болады.

Бұл дертті емдеуге болады. Дегенмен мамандар уақытылы төсек қатынасына түсу арқылы дерттің алдын алуға кеңес беруде.

"Жыныстық өміріңізді ретке келтіру маңызды", - дейді Лондонның секс-терапевт маманы Луиза Мазанти.

Ғалымдар төсек қатынасынан мүлде бас тарту күйзеліске әкеліп соқтыратынын да еске салды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713752-tsek-katynasyny-azdygy-jelderdi-densaulygyna-zian-bolyp-sykty.html