RU
Атышулы Ақбота мен Дәурен қайтадан қосылды (фото)
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Атышулы Ақбота мен Дәурен қайтадан қосылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Махаббат хикаяларымен елді шулатудан шаршамайтын еліміздегі атышулы жұп қайта қосылды. Дәурен Айдарқұлов Instagram парақшасында екінші жарымен түскен суреттерін жариялап, қарындасын сүйіктісімен бірге құттықтағанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Атышулы жұп. Скриншот: Instagram

Атышулы жұп. Скриншот: Instagram

"Біздің энергияға толы қарындасымыз Даянаны сүйікті және ақылды жанмен бірге туған күнімен құттықтадық",-деп жазды ол.

Екеуінің бірге жүрген суретін көрген желі қолданушылары олар үшін қуанышты екендерін жеткізсе, енді біреулері оларды қатаң сынға алды.

Оқырмандар пікірі. Скриншот: Instagram

Оқырмандар пікірі. Скриншот: Instagram

Оқырмандар пікірі. Скриншот: Instagram

Оқырмандар пікірі. Скриншот: Instagram

"Қайтадан қосылып алғансыңдар ма? Екеуіңнің де ұяттарың жоқ екен!", "Қосылып ажырасудан сендер-ақ шаршамадыңдар ғой, сөзім жоқ!", "Масқара! Бұл адамдарға не болған өзі? Кезекті жарнама шығар", "Бақытты болыңыздар!", "Сіздер үшін қуаныштымыз!",-деді желідегілер.

Еске салсақ, Ақбота Сейітмағамбет өткен жылдың күз айында Дәуренмен ажырасқандарын мәлімдеген еді. Әнші жарының өзін хиджап киіп, үйде отыруға үгіттегенін айтқан еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
29
5
10
11
6
40
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel