Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғалып кеткен баланы мысық жылытқан

Опубликовано:

Ресейдің Калининград қаласында жоғалып кеткен 13 жастағы баланы сарайдың ішінде мысық жылытқан деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ресей ІІМ
Фото: Ресей ІІМ: UGC

Руслан 25 қаңтар күні мектепке бармай, жоғалып кеткен болатын.

Белгілі болғандай, ол сабағынан қашып, Краснознаменск қаласындағы әжесіне қарай беттеген екен. Алайда әжесі үйде болмаған соң жаяулатып қайтады.

Руслан қайтып келе жатқанда күн батып, қараңғы түсіп кеткен. Сондықтан ол бөтен біреудің сарайына кіріп түнеуге мәжбүр болыпты. Онда жоғалған баланы түнімен мысық жылытады.

Түнде жаурап қалмағаны үшін бала мысықты үйіне өзімен бірге алып кетіп, оған Қамқоршы деген ат қойыпты.

Полиция қызметкерлері бірнеше сағат бойы іздеген баланы тауып, ата-анаына тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1713853-zogalyp-ketken-balany-mysyk-zylytkan/

pixel