RU

Алматыда ірі жол апатынан бес адам зардап шекті (фото)

Алматы қаласында ірі жол апаты тіркеліп, онда бес адам зардап шекті деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото zakon.kz
Фото zakon.kz: UGC

Первомайская көшесінде орын алған жол апатында "Лада" және Toyota Vista маркалы автокөліктері бетпе-бет соғысып қалады.

"Лада" өз жолымен қалаға қара келе жатқан. Ал Toyota Vista қарама-қарсы бетте жүріп отырған.

Алматыда ірі жол апатынан бес адам зардап шекті
Алматыда ірі жол апатынан бес адам зардап шекті: UGC

Апат куәгерлерінің айтуынша, "Лада" жүргізушісі өзінің алдында кетіп бара жатқан автобустан озамын деп, жолдың қарсы бетіне шыққан.

Алматыда ірі жол апатынан бес адам зардап шекті
Алматыда ірі жол апатынан бес адам зардап шекті: UGC

Ал Toyota Vista апатты болдырмауға тырысқанымен, ешқайда қашып кете алмапты. Нәтижесінде екі уөлік бетпе-бет соғысып, жол жиегіне шығып кеткен.

Жол-көлік оқиғасынан көлік жүргізушілерінен басқа, Ладада отырған бәр жолаушы мен Toyota Vista-да отырған екі жолаушы зардап шекті. Олардың барлығы тез арада ауруханаға жеткізілді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713870-almatyda-iri-zol-apatynan-bes-adam-zardap-sekti-foto.html