Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін елдің оңтүстігінде аяз қаһарына мініп, жел күшейеді

Опубликовано:

Бүгін Қазақстанның кей жерлерінде аяз күшейіп, тұман, бұрқасын күтіледі деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жаасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: UralDaily.ru
Көрнекі фото: UralDaily.ru: UGC

Синоптиктердің мәліметінше, жексенбіде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін, екпіні 23-28 градусқа дейін күшейеді.

Жамбыл облысында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23 метрге жетеді. Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында жел секундына 18-23 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, Атырау, Ақтөбе облыстарында түнде жел күшейеді.

Сондай-ақ, Павлодар, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, Солтүстік Қазақстан, түнде Маңғыстау, Ақмола облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде де тұман күтіледі.

Ал Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өте қатты аяз сақталады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты аяз күшейеді.

Сонымен қатар Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстараның кей жерлерінде де қатты аяз күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1713873-bgin-eldi-otstiginde-aaz-kaaryna-minip-zel-ksejedi/

pixel