Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең ұзын бойлы адам мен қысқа бойлы бойжеткен кездесті

Опубликовано:

Әлемдегі ең ұзын бойлы адам түркиялық Сұлтан Көсен мен бойы ең қысқа әйел үндістандық Джиоти Амге кездесті деп хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әлемдегі ең ұзын бойлы адам мен қысқа бойлы бойжеткен кездесті
Әлемдегі ең ұзын бойлы адам мен қысқа бойлы бойжеткен кездесті: UGC

Олар Каирге Мысырдың Мәдениет және туризм министрлігінің шақыртуымен келіп, елдегі тарихи орындарды аралап көрген.

Әлемдегі ең ұзын бойлы адам атымен танылып, Гиннесс рекордтар кітабынан орын алған Сұлтан Көсен Египет туризміне қолдау көрсету мақсатында Каирге аттанған.

Бұл - оның Мысырға жасаған алғашқы сапары.

Бойы 2 метр 51 сантиметр Көсеннің қасында бойы небәрі 62,8 сантиметр ғана болатын үндістандық бойжеткен Джиоти Амге Гиза пирамидалары алдында суретке түсті.

Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ерекше адамдар Каирде 4 күн болады. Олар Каирге Мысырдың Мәдениет және туризм министрлігінің шақыртуымен келіп, елдегі тарихи орындарды аралап көрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1713926-lemdegi-e-zyn-bojly-adam-men-kyska-bojly-bojzetken-kezdesti/

pixel