RU

Димаштың ата-әжесінің алтын тойына министр мен әкімнің өзі келді (видео)

Күні кеше ғана Димаштың ата-әжесі отау құрғандарына 50 жыл толуына орай Ақтөбе қаласында алтын тойларын дүркіретіп өткізді. Құдайбергеновтер әулетінің тойына еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы келген деп хабарлайды NUR.KZ.

Димаштың ата-әжесі. Фото: Instagram
Димаштың ата-әжесі. Фото: Instagram: UGC

Әншінің әжесі желідегі парақшасында жастық шақтарындағы суреттерін жүктеп, алтыншы қаңтар күні үйлену тойлары өткенін айтты.

Құдайберген Айтбаев, Миуаз Низамутдинова. Фото: Instagram
Құдайберген Айтбаев, Миуаз Низамутдинова. Фото: Instagram: UGC

Айта кететіні, той иелері аталған іс-шарада ресми түрде некелерін қиып, заңды куәлікке ие болды. Жұбайлардың жанында қыз жолдас пен ұл жолдас та қатар жүрді.

Тойда Димаштың ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар әннен шашу шашты. Сондай-ақ, елімізге белгілі әнші әрі композитор, жұлдызды отбасының өмірдегі де достары Ұлықпан Жолдасов отбасымен, Құралай мен Мирас, Сембек Жұмағалиев сынды танымал әншілер болды.

Тойдағы видеолар мен суреттерден Димашты көре алмаған тыңдарман әншінің ата-әжесінің мерейлі тойына келе алмағанына өкініш білдірді.

"Димаш көрінбейді ғой, қайда кеткен?", "Ата-әжесінің тойында Димаш неге жоқ?", "Димаш келе алмаған сияқты, қандай өкінішті!", "Димаш қайда, таба алмай отырмын",-деп жазды желідегілер.

Еске салсақ, Димаш күні кеше ғана Қытайдағы Global golden chart awards салтанатты кешінде "Үздік әртіс" аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713936-dimasty-ata-zesini-altyn-tojyna-ministr-men-kimni-zi-keldi-video.html