RU
Дубай мен Таиланд: Отандық жұлдыздар аязда қайда демалды?(фото)

Дубай мен Таиланд: Отандық жұлдыздар аязда қайда демалды?(фото)

Рассказать Вконтакте

Еліміздегі эстрада жұлдыздары үшін қаңтар мен ақпан айлары - тойдың тоқтап, концерттің саябырсып, демалысқа көңіл бөлетін мезгілдері. Биылғы жылды демалыспен бастаған шоу-бизнес өкілдері жайында NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстандық жұлдыздар. Фото: Instagram

Қазақстандық жұлдыздар. Фото: Instagram

Әнші Ернар Айдар Тай еліне жарымен бірге сапарлап барып, қызықтарын Instagram парақшасында көпшілікпен бөлісіп отырды. Соның ішінде Ернардың алып денелі пілдің тұмсығының астына жатқан сәті тыңдарманын біраз алаңдатып қойды.
Ернар Айдар. Фото:Instagram

Ернар Айдар. Фото:Instagram

Ал белгілі продюсер Баян Алагөзова қыстың қытымыр аязын Тай елінің шуақты күндеріне алмастырған. Мақсатқызы демалысын жары Тұрсын Алагөзов пен қызы Айарумен бірге Паттайяда қарсы алды.

Осы жолы продюсер өмірінде мініп көрмеген мотоцикл көлігіне отырып, қаланы аралаған.

Баян Мақсатқызы. Фото: Instagram

Баян Мақсатқызы. Фото: Instagram

«Қалаулымның» жүргізушісі, әнші Аша Матай отбасымен бірге демалысқа Египетті таңдапты. Сол елдің салт-дәстүрімен танысқан актриса сапарының сәтті суреттерін оқырмандарымен бөлісті.

Аша Матай. Фото: Instagram

Аша Матай. Фото: Instagram

Ал Бүркіт екі баласы және жары Аишамен бірге Таиландттың Пхукет аралында күнге қыздырынып, суға шомылуды дұрыс деп тауыпты.

Бүркіт Аиша. Фото: Instagram

Бүркіт Аиша. Фото: Instagram

Бұл әншілердің қатарын биыл Жанболат пен Жазира да толықтырды. Жұлдызды жұп Дубайда демалуды жөн деп шешкен.

Жазира мен Жанболат. Фото: Instagram

Жазира мен Жанболат. Фото: Instagram

Сіздің реакцияңыз
10
9
0
5
4
49
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel