Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көпшіліктің арман қаласына айналған Парижді су басып кетті

Опубликовано:

Парижде кейбір көшені су басып, жолдар мен Луврдың төменгі бөлігі жабылып қалды деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көпшіліктің арман қаласына айналған Парижді су басып кетті
Көпшіліктің арман қаласына айналған Парижді су басып кетті: UGC

Сена өзеніндегі судың өз деңгейінен асуына байланысты көптеген көшені су басты. Осының салдарынан кей көше тұрғындары қайықтың көмегімен қозғалып жатыр.

Қауіпсіздік сақтау мақсатында бірнеше Париж саябағы, теміржол аялдамасы және Луврдың төменгі бөлігі жабылды.

Бұдан өзге бірнеше мектеп пен аурухана жабылып, науқастар қауіпсіз жерге көшірілген.

Жексенбі күні Сенадағы судың деңгейі 5,9 метрге дейін көтеріледі деп болжанды. Өзеннің арнасынан асуына бірнеше апта тоқтамай жауған жауын-шашын әсер етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1713974-kpsilikti-arman-kalasyna-ajnalgan-parizdi-su-basyp-ketti/

pixel