RU

Орыс тілін қолдаған Шымкент әкімі енді балабақша бағасын өсіріп жіберді

Шымкентте балабақша қымбаттап кетті деп хабарлайды Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Орыс тілін қолдаған Шымкент әкімі енді балабақша бағасын өсіріп жіберді
Орыс тілін қолдаған Шымкент әкімі енді балабақша бағасын өсіріп жіберді: UGC

Бұл туралы "ЮКО информ" порталында жарияланған.

«Қала әкімі Нұрлан Сауранбаевтың тапсырмасымен биыл қаңтар айынан бастап үш жасқа дейінгі балалардың балабақшаға келу құны — 436,75 теңге, айына 9 608,5 теңгені құрайтын болаты. Ал, жоғарғы топтағы балалардың (3-7 жас аралығы) төлемі айына 11 614,68 теңгені құрап отыр», — делінген аталған хабарламада.

Айта кетерлігі, 2017 жылы шымкенттік ата-аналар балабақшадағы бір баласы үшін айына 8370 теңге төлейтін.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Шымкент әкімі таза қазақ тілінде баяндама жасаған шенеунікті сөгіп тастағаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713977-orys-tilin-koldagan-symkent-kimi-endi-balabaksa-bagasyn-sirip-ziberdi.html