RU

Қайрат Нұртастың анасы келіндерімен қарым-қатынасы туралы айтып берді

Келіндерімен түскен суреттерін жиі жариялайтын Гүлзира Айдарбекованың қандай ене екенін білгісі келетіндер көп. Он жыл бойы жасырған келінін бір күнде жарқ еткізген продюсер-ене қос келінін қалай тәрбиелейді? Көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова. Фото: Instagram
Гүлзира Айдарбекова. Фото: Instagram: UGC

«Маған кейінгі кезде көптеген ене мен келіндер жайлы сұрақтар қойылады. Менде, басқа енелер де келін болған. Әр қайсының басында әр түрлі тағдыры бар. Баяғы қараңғылықтың кесірінен кейбір енелер қазіргі заманға сай өмірді қабылдай алмауы да түсіне алмауы да осыған байланысты. Сол көзқараспен енелерінен көрген тәрбиені келіндерінен талап етуі әбден мүмкін. Өйткені олар тек үйдің тірлігі мен балаларының бақыты үшін күйеуін пір тұтып, бәріне бағынған жандар. Ия, қазір заман басқа болғанымен, ол кісілерге үлкен ұғыммен көз жүгірткен дұрыс»,- дейді продюсер парақшасында.

Гүлзира Айдарбекова. Фото: Instagram
Гүлзира Айдарбекова. Фото: Instagram: UGC
Сондай-ақ келіндерге де: «Жақсы болсын, жаман болсын, ол сіздің балаларыңыздың әжесі, күйеуіңіздің анасы болғандықтан сіздің де анаңыз. Сіз оны өзгерте алмайсыз, керісінше ол сізді өзгертуі мүмкін. Ақыл-кеңесін беріп, білмегеніңізді үйретуге міндетті. Себебі, ол бәріңізге ана! Сізге анаңыз ұрысса да, тіптен шашыңызды жұлып ұрса да, сіз тез кешіресіз. Бәрін тез ұмытып кетесіз. Сағынсаңыз, сізге деген аналық маxаббатын, еңбегін еске алып, қиналған сәтіңізде күйеуім не балам деп емес "мама" деген сөз аузыңыздан еріксіз шығады. Енеңіз сізге қаттырақ ұрысса, сіз ерегісіп түзеп алам деп жұлқынбай, өз анаңызды қалай тез кешіріп, тез ұмытасыз, тура солай қабылдаңыз. "Өз балаң өзегінен тепсеңде кетпейді" деген. Қит етсе, енеңізге де күйеуіңізге де "кетемін" деген сөзді айтпаңыз. Бақытты боламын деп емес, осы отбасын бақытты етемін деген сөзді өзіңізге жүктеп алыңыз»,- деп кеңес берді ол.
Гүлзира Айдарбекова. Фото: Instagram
Гүлзира Айдарбекова. Фото: Instagram: UGC

"Ана деген ұрысса, өз балам деп, піссін, үйренсін деп ұрысады",- деген Гүлзира Айдарбекова енелер мен келіндер арасында ұрыс туындамас үшін әрдайым тек жақсылықтарды ғана есте сақтаудың жөн екенін айта келіп, "Өзің жақсы болсаң бәрі жақсы, жаман болсаң бәрі жаман" сөзін ұмытпау керектігін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713980-kajrat-nrtasty-anasy-kelinderimen-karym-katynasy-turaly-ajtyp-berdi.html