RU

Түлкінің баласына сәбиіндей қарайтын қыз жұртты қуантты

Лиза есімді Ұлыбритания тұрғынына 2015 жылғы Рождество мейрамында досы ерекше сыйлық берген. Қазір сол сыйланған түлкінің баласына өз сәбиіндей қарап, жұртты сүйсінтіп жүр деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

"Бұл нағыз рождестволық ғажайып болды. Ешқашан өлмейтін сыйлық. Ол тым кішкентай болғандықтан, мен оған анасы ретінде қамқорлық танытып жүрмін", - дейді Лиза.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Қамқоршы қыз жануарын дүкенге, жұмысқа барлық жерге өзімен бірге алып жүреді екен. Оған қоса түлкіге арнап Instagram парақша да ашып қойыпты. Онда күнделікті қызықты сәттерімен, түлкінің суреттерімен бөлісіп отырады. Қазірдің өзінде аталмыш парақшаға 4 мың адам жазылып үлгерген.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713986-tlkini-balasyna-sbiindej-karajtyn-kyz-zrtty-kuantty.html