Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық әйел мүгедек әкесін қымбат коттедж үшін үйінен қуып жіберді

Опубликовано:

Елордада егде тартқан мүгедек арбаға таңылған әкесін баласы үйінен қуып шығып, үйін тартып алмақ болған деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Астанада 40 жастағы азамат мүгедек әкесін ұрып-соғып, үйінен қуып жіберген
Астанада 40 жастағы азамат мүгедек әкесін ұрып-соғып, үйінен қуып жіберген: UGC

Астанадағы «Қорғау Астана» дағдарыс орталығынан пана іздеп, көмекке жүгініп келушілердің саны жыл санап артып келеді. Орталық мамандарының айтуынша, мұнда тұрмыстық зәбір көрген әйел адамдардан бөлек, жасы егде тартқан қариялар да келетін көрінеді.

«Орталыққа осыдан біраз уақыт бұрын, қарт ақсақал мен әжей келген еді. Айтуларынша, туған қыздары «Артем» базарының маңындағы әкелеріне тиесілі коттеджді тартып алу үшін, арбаға таңылған әкесін үйден қуып жіберген. Ақсақалдар көмек сұрап бізге келді. Біз осындағы заңгерлермен үйдің қарттарға тиісті екенін дәлелдеп, үйлерін қайтарып бердік»,-дейді заңгер Дания Бұғалиева.

Орталық жетекшісі Анна Рыльдің сөзіне сенсек, өкінішке орай, мұндай жағдайлар республика көлемінде жетіп артылады екен.

«Біздің Шымкенттегі орталықта осындай үш бірдей жағдай орын алған еді. Баласы туған анасының барлық карточкаларын тартып алып, ондағы қаражатты өз қажетіне жаратып келген, онымен қоймай, анасына қол көтеріп, қанша рет зәбір көрсеткен. Біз анасына перзентінің үстінен арыз жаз деп қанша көндірсек те, азаматша көнбеді, бауыр еті баласын құзырлы органдарға тапсырғысы келмеді.
Сосын екінші бір жағдай, азаматтың бірінші некеден туған балалары үйінен қуып шығып, пәтерін тартып алмақ болған. Бірақ мәселеге біздің орталық араласып, азаматты отбасымен табыстырып, пәтерін қайтарып бердік.
Сол сияқты Шымкентте ішімдікке салынып кеткен қызы анасының карточкаларын тартып алып, күн көрсетпей келген оқиға да болған. Яғни, тұрмыстық зәбір көру тек әйел адамдарға ғана қатысты емес, оған балалар да, қариялар да ұшырауы мүмкін. Өкініштісі, ондай жағдайлардың жыл санап көбейіп келе жатқандығы»,-деп сөзін орталық жетекшісі Анна Рыль.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1713997-astanalyk-jel-mgedek-kesin-kymbat-kottedz-sin-jinen-kuyp-ziberdi/

pixel