Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал журналистің марқұм ұлына арнаған жоқтауы елді жылатты (видео)

Опубликовано:

Жуырда ғана 25 жастағы ұлын жер жер қойнына тапсырған танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызының баласына деген жоқтауын ақын Қалқаман Сарин өлең-ғып түсірген. Марқұм Абзалға арналған жоқтау көпшіліктің жүрегін ауыртып, көздеріне жас алдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Сәуле Әбілдаханқызы марқұм ұлымен. Коллаж: NUR.KZ
Сәуле Әбілдаханқызы марқұм ұлымен. Коллаж: NUR.KZ: UGC

Сәуле Әбілдаханқызының өзі аталған жоқтауды желідегі парақшасында жариялап, алып-қосары жоқ екенін айтқан.

"Алты алашқа аты мәлім Сәуле едім,

Қансырадым, қалмағандай сау жерім.

Қалды-ау, қалды-ау жетпей дауа-дәрменім,

Солды-ау, солды-ау көктей дәуір-дәуренім.

Уа, Тәңірім,

Берен қылып бердің ұл,

Қайтып алдың. Шемен қылып шер-ғұмыр...

Жатырымды жарып шыққан жалғызды,

Құшағына алып кетті жер жұмыр.

Алып кетті жігіт болған кезінде,

Арман болған, үміт болған кезінде,

Ұлтын сүйіп ұлық болған кезінде,

Кемеліне күліп толған кезінде.

Көңіл бөліп көркем етіп кешімді,

Келін келіп жалғайды деп көшімді

Жүргенімде, алып ақыл-есімді,

Өлім келіп үмітімді өшірді!",-делінген жоқтауда.

Сәуле Әбілдаханқызының желідегі достары мен оқырмандары жоқтау өлеңді оқып, жүректерінің ауырғанын жеткізген. Көпшілік аза тұтып отырған анаға Алладан сабыр тілейтіндерін жеткізген.

Еске салсақ, Сәуле Әбілдаханқызы кезінде "Ақжүніс" бағдарламасы арқылы көрермен көзайымына айналған журналист.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1714005-tanymal-zurnalisti-markm-lyna-arnagan-zoktauy-eldi-zylatty-video/

pixel