RU

Оқушыларын әлеуметтік желіде еліктіріп, олармен төсектес болған мұғалім сотталды

АҚШ-тың Миссури штатында 38 жастағы мұғалім 15 жасқа толмаған үш оқушысын әлеуметтік желілер арқылы еліктіріп, олармен төсектес болған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фто: life.ru
Фто: life.ru: UGC

Аманда Рут Швейцер Джоплин қаласындағы орта мектепте әдебиет пәнінен сабақ берген. Ол мектепте қызмет етіп жүргенде отбасылы болған. Алайда балалары жоқ екен.

2017 жылдың көктемінде мұғалімнің көзі оқушыларына түсе бастайды. Ол 13-15 жас аралығындағы оқушыларына сексуалдық тұрғыда хабарламалар жіберіп, олармен мектеп қабырғасында интимдік қатынасқа түскен.

Сот алқасы істің мән-жайын тексере келе, Амандаға 50 мың доллар кепіл сомасын төлеп қана бостандыққа шыға алатынын мәлімдеген. Алайда мұғалімнің ондай қаражаты болмаған соң, ол қазір түрмеде отыр.

Американдық әйелдің оқушыларымен жасаған қылмысы үшін қанша жыл жазасын өтейтіні әзірге белгісіз. Ол келесі сот отырысында мәлім болады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714033-okusylaryn-leumettik-zelide-eliktirip-olarmen-tsektes-bolgan-mgalim-sottaldy.html