Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамдар неліктен бір-бірінің көзіне шөп салады?

Опубликовано:

Америкалық ғалымдар адамдардың не себепті бір-бірінің көзіне шөп салатынынына зерттеу жүргізіп, жиі кездесетін жеті себебін атады деп хабарлайды HB Style сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Америкалық ғалымдар 495 адамнан жауап алып, не себепті өз жұптарының көзіне шөп салғанын анықтаған.

1. Қарым-қатынаста сезім оты өшкен кезде. Сұралғандардың 77 пайызы өздеріне махаббат жетпегендіктен басқа адаммен кездесе бастағанын айтқан. Олар "Мені өз жұбым енді жақсы көрмейтін сияқты" деп жауап берген.

2. Төсектегі серігінің көп болғанын қалайтындықтан. Интимдік қатынаста жұбын ауыстырып отырғысы келетін жандар да жиі көзге шөп салады.

3. Бір-біріне жеткілікті дәрежеде үйренісе алмау. Сауалнамаға жауап бергендердің 41 пайызы өз жұптарына бауыр басып үлгермегендіктен, көзіне шөп салғанын айтқан.

4. Ситуациялық жағдайға байланысты. Шын мәнінде адамдардың 70 пайызы мас болғандықтан өзге адаммен интимдік қатынасқа түсіп қояды екен.

5. Өзін жоғары бағалауға ұмтылу. Сұралғандардың 57 пайызы өздерін төмен санап, танымал болғысы келетіндіктен өзге адаммен кездесе бастапты.

6. Ашушаңдық. Көптеген адамдар өз жұбына тісін қайрап, одан өш алу үшін басқа адаммен кездеседі.

7. Жай ғана интимдік қатынас үшін. Кей адамдардың "қалауы" дәл сол уақытта оянып, ешнәрсені ойланбастан алдындағы адаммен төсекке жатқан көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1714048-adamdar-nelikten-bir-birini-kzine-sp-salady/

pixel