Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы "Қалаулымға" пародия жасаған "Алдараспан" театры жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Опубликовано:

Атышулы "Қалаулым" бағдарламасына пародия жасаған "Алдараспан" театры жұртты күлкіге қарық қылды. Актерлар бағдарлама қатысушысы Замираның әріптестеріне балағат сөз айтып, олармен төбелесуге дейін баратынын айнытпай салған деп хабарлайды NUR.KZ.

Олар нысанаға шоудың атышулы қатысушылары Замира Сұлтан, Сәкен Оспан мен Елшін Жанеркені алған. Бағдарлама жүргізушісі Аша Матайды да ұмыт қалдырмаған.

Аталған әзіл-шыны аралас қойылымды көрген желі қолданушылары театр ұжымының тапқырлығына ризашылықтарын білдіріп, күлкіге қарық болғандарын жазған.

"Ішегі қатты-ау!", "Алдараспан ұжымына рақмет! Таланттысыздар!", "Мынаны да бағдарлама деп береді-ау,сырттай қарасаң қандай аянышты!", "Замира мен Сәкенді қалай айнытпай салған, күлкіден өлдім-ау",-деп жазған желідегілер.

Еске салсақ, "Қалаулым" күн сайын тікелей эфирде "Еуразия" арнасынан көрсетілетін еліміздегі атышулы бағдарламаның бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1714130-atysuly-kalaulymga-parodia-zasagan-aldaraspan-teatry-zrtty-klkige-karyk-kyldy-video/

pixel