RU

Бәсекеден достыққа дейін: Шоу-бизнестегі достығы жарасқан жұлдыздар кімдер? (фото)

Шоу-бизнесте тек қана бәсекелестік болады дегендер қателеседі. Себебі, бұған өнері мен достығын ұштастырып келе жатқан сахна сұлулары дәлел деп хабарлайды «Хит-ТВ» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сәбит Әбдіхалықовтың қос жұбайы Айгүл Иманбаева мен Алтынай Жорабаева бір-бірімен жақын құрбылар. Тіпті кезінде бірлесе кеш те өткізді.
Айгүл Иманбаева және Алтынай Жорабаева. Фото:Интернет
Айгүл Иманбаева және Алтынай Жорабаева. Фото:Интернет: UGC
«Арнау» тобының әншісі Салтанат Бақаева мен Жұлдыз Әбдікәрімованың достығына он жыл толған. «Ең алғаш достығымыз, театрда жұмыс жасағанда басталды. Ол тұрмысқа шығып, мен – жас әнші, жұмыстарым көп болып, кезінде біршама уақыт бір-бірімізді жоғалтып алдық. Қазір, шүкір достығымыз берік»,-дейді Салтанат Бақаева.
Салтанат Бақаева және Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Instagram
Салтанат Бақаева және Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Instagram: UGC
Бірі - танымал продюсер, екіншісі – тележүргізуші. Баян Алакөзова мен Мадина Балғабаеваның қуанышта да, қайғыда да ажырамай келе жатқанына – 25 жыл толған.
Баян Алкөзова мен Мадина Балғабай. Фото: Интернет
Баян Алкөзова мен Мадина Балғабай. Фото: Интернет: UGC
Сахнада қосыла ән айтып қана қоймай, демалысқа да бірге аттанып, бірге жүретін құрбылар қатарында Дильназ Ахмадиева мен Мақпал Исабекова да бар. Басы бос бикештер достыққа адал болып шықты.
Дильназ Ахмадиева мен Мақпал Исабекова. Фото: Интернет
Дильназ Ахмадиева мен Мақпал Исабекова. Фото: Интернет: UGC
Өнер жұлдыздары арасында Мадина Сәдуақасова мен Қарақат Әбілдина да сыйластығы елге үлгі. Төрт ұлдан соң қызды болған Қарақат құрбысы Мадинаға жұғысты болсын деп қызыл қамзолын сыйға тартқан болатын.
Мадина Сәдуақасова мен Қарақат Әбілдина. Фото: Интернет
Мадина Сәдуақасова мен Қарақат Әбілдина. Фото: Интернет: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714140-bsekeden-dostykka-dejin-sou-biznestegi-dostygy-zaraskan-zldyzdar-kimder-foto.html