RU

Головкин: Мен рингтен чемпион болып кетемін

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес бесінші мамырда өтетін реваншқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды BoxingScene.com-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: boxnation.com
Фото: boxnation.com: UGC

"Мен тағы да "Канеломен" жұдырықтасуға дайынмын. Жекпе-жектің болатынына қатты қуандым. Бұл бүкіл әлем көргісі келетін кездесу. Менің деңгейіме сай келетін бокс. Мен бірінші кездесуде кейбір төрешілердің пікірімен келіспедім. Ал бұл жолы ешқандай күмән болмайды. Мен рингтен тек орта салмақтағы чемпион ретінде кетемін", - деген Головкиннің сөзін BoxingScene.com сайты келтірді.

Сондай-ақ, Альваресте өзінің жанкүйерлеріне қазақстандық боксшыны нокаутқа түсіретініне уәде берді.

Ол бұл жекпе-жектің бокс әлеміндегі ең есте қаларлық оқиға болатынын айтады.

Еске сала кетейік, 29 қаңтарда Головкин мен Альварес арасындағы реванш мамыр айының бесінші жұлдызында өтетіні ресми түрде хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714142-golovkin-men-ringten-cempion-bolyp-ketemin.html