RU

"Ұстасам қоям аямай": 91 тобы әнге сөзді қалай жазады?

Қазақ сахнасына тың леп әкелген «91» тобы бүгінде аса үлкен танымалдыққа ие. Миллиондаған тыңдарманы бар топтың айтып жүрген әндерінің сөзіне NUR.KZ порталы мән беріп көрген еді.

Ninety one тобы. Фото: Интернет желісінен
Ninety one тобы. Фото: Интернет желісінен: UGC
Қазақша K-Pop бағытында айтып жүрген жігіттердің соңғы шыққан «Ah!Yah!Mah!» әнінің сөздеріне назар аударып көрді. Айта кетейік, әннің атауының қазақша нұсқасы - «Аяма» деп аталады.

Жоқ шекаралар, ол сенің миыңдағы мекендерде бар тек.

Оу, мен кеткен едім үйлеріңнен: «тар» деп,

Енді қарамаймын терезеден,

Алаңдамаймын: «уайым іштен келмесе» деп,

Қысымынан құлаймын көздерінің,

Немесе, мен оны байқамаймын қиялымен теңесе де,

Көре алмаған сайын, алыстаймын екі есе мен,

Сен іш дайындаған «шайыңды» «кесемен»!

Рэп айтудың нағыз шебері болған жігіттер ән барысында тындармандарына «шайды» «кесемен» ішуді ұсынады. Әннің алғашқы бөлімінде әнші жігіттер «Енді дайын бол! Таптаурындарынды бұзамын!», - деп ескертумен бастайды.

Аш есікті, келдім ескертпей

Жандырамын, дереу былай кет деймін!

Енді дайын бол, енді дайын бол!

Енді дайын бол, енді дайын бол!

Баяу мен уақыттан озамын мен

Енді дайын бол! Енді дайын бол!

Таптаурындарыңды бұзамын

Шекарадан ассын миың!

Көптеген тыңдармандар үшін ең түсініксіз шумақта бірнеше тілдің сөздері еркін ұйқасын тапқан, тіпті «Кет, дем ал! Тігіліп қал!» деген сөздерді де естуге болады. Сонымен қатар олар ән барысында кімді екені белгісіз: «Жыланша жеймін сені шайнамай» деп сес көрсетеді.

Мен істеймін шынайы,стиль-жұбайым

Шайқамаймын,тек дірілдетемін

Дір-дір,mic check-бір,бір, бұл flow үңгір, тез-тез,кір-кір,PRRR!

Біз барда шоу-бизнес тірі,біл! Абайла,жатса тіліп тілім

Yo! Кет-кет,дем ал,дігідік, Тігіліп қал! Мә,ортан терек!

Мендік skill-бейберекет ұйқастардың үдемелі қозғалысы,

Күнде мені көзге алып,сенің ішің ашиды,

Себебі менде шын ащы shit!

Жыланша жеймін сені шайнамай!

Әнші жігіттердің тағы да осындай ел арасында кең тараған әндерінің бірі «Неге бәрі мұз?». Әннің мағынасынан бөлек атауы да түсініксіз, дегенмен тыңдап отырып «Анам айтатын маған: тізеңді құшақтама деп» деген сөзді де естідік.

"Анам айтатын маған: «тізеңді құшақтама» деп,

Ал мен түсінбей тұрмын, не үшін солай отырғанымды əлі…

Бөтен бе бəрі? Бір күннің астында бөтен бе бəрі?

Əлемде расында бөтен бе бəрі?

Ай, ай, ай, жалғасса əрі, шынайы бақыттың жоғалды мəні!",-дейді жігіттер.

Айта кететіні, жоғарыдағы сөздерді мәтін ретінде оқығанда ешқандай ұйқас жоқ сияқты, ал ән күйінде тыңдаған кезде ырғақты, ұйқасты бүтін бір ән тыңдауға болады. Неде болса «Ninety One» отандық шоу-бизнесте төңкеріс жасаған топтың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714143-stasam-koam-aamaj-91-toby-nge-szdi-kalaj-zazady.html