RU

Үндістанда МРТ аппараты ер адамды жұтып қойды

32 жастағы Үндістан тұрғынын кеудесіндегі металл бұйымдар асерінен МРТ аппараты жұтып қойды деп хабарлайды WPXI басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: oneindia.com
Фото: oneindia.com: UGC

Алынған мәліметтерге сәйкес, азамат МРТ аппараты тұрған бөлмеге кеудесіндегі металлдан жасалған оттек баллонын шешпей кірген.

Сол мезетте томографияға түсіретін аппарат баллондағы көптеген магниттің әсерінен Раджеш Маруды өзіне тартып алған. Ереже бойынша, бұл бөлмеге маталл бұйымдармен кіруге тыйым салынған екен.

Қайғылы оқиға орын алғаннан кейін медицина қызметкерлері Раджешті аппараттан суырып алған. Алайда бұл кезде оның денесі ісіп, қансырап жатқан екен. Небәрі 10 минуттан соң ол көз жұмды.

Марқұмның туыстары азаматтың өліміне аурухана қызметкерлерін кінәлап отыр.

Тәртіп сақшылары аурухана дәрігері мен оның екі көмекшісін қамауға алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714148-ndistanda-mrt-apparaty-er-adamdy-ztyp-kojdy.html