RU

Бай қалыңдық күйеуін отбасымен қоса "сатып алды" (видео, фото)

Қытайда 38 жастағы бай әйел 23 жастағы бозбалаға тұрмысқа шығып алды. Қалыңдық жұбайын отбасымен қоса "сатып алған" деп хабарлайды Bigpicture сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Medium
Фото: Medium: UGC

Жаңа келін өз енесінен, яғни күйеужігіттің анасынан бір жас кішкентай. Сондай-ақ оның бұрынғы күйеуінен 14 жасар ұлы бар екен.

Кей мәліметтерге сүйенсек, қалыңдық бұрынғы жігітімен кездесіп жүріп аяғы ауыр болып қалады. Содан кейін заңды түрде некелерін бекітуге мәжбүр болыпты.

Фото: Medium
Фото: Medium: UGC

Алғашында 23 жастағы жігіттің ата-анасы ұлдарының өзінен бірнеше жас үлкен әйелге үйленуге қарсы болған. Алайда келіндері болашақ жары үшін 100 мың долллар қалың мал мен Ferrari автокөлігін берген кезде, қайын жұрты оны құшақ жая қарсы алатынын мәлім еткен.

Айта кету керек, қалыңдық өз жерінде өте бай әйелдердің бірі саналады. Тіпті той суреттерінен-ақ оның қаншама алтын бұйымдармен жасанып алғанын байқауға болады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714154-baj-kalydyk-kjeuin-otbasymen-kosa-satyp-aldy-video-foto.html