RU

Айару Бақытбек атышулы Баянның қызы болудың қандай екенін айтты

Атышулы продюсер Баян Алагөзованың кенже қызы Айару Бақытбек желідегі парақшасында танымал адамның қызы болудың қандай екенін жазды. Айтуынша, ол үшін еліміздегі ең танымал жұлдыздармен қысқы демалыста шетелде демалудың өзі қалыпты жағдайға айналған.

Айару Бақытбек. Фото: Instagram
Айару Бақытбек. Фото: Instagram: UGC

«Мен үшін ол бірінші кезекте – ана. Мен ешқашан ештеңеден шектеген емес. Сіздер үшін бұл біртүрлі болып көрінетін шығар, бірақ мен ең алдымен өзім үшін дұрыс деп тапқан нәрсемді жасаймын. Егер қателессем, өз қателіктерімнен сабақ аламын.

Мен жаныма жақын нәрсені жасаймын, ол болса мені 200% қолдайды. Бұл қарым-қатынас менің тарапымнан да осылай. Мен анамның кез-келген таңдауын қабылдаймын, екі жыл бұрын да солай жасағанмын. Ары қарай да оның кез-келген бастамасы мен шешімінде осылай жалғастырамын»,-дейді ол.

Айару анасын ең алдымен адамгершілігі үшін құрметтейтінін және үлгі тұтатынын айтты.

Айару Бақытбек анасымен. Фото: Instagram
Айару Бақытбек анасымен. Фото: Instagram: UGC

«Көпшілікті анам танымал адам ретінде таңғалдырса, мен үшін ең алдымен адамгершілік тұрғысынан үлгі. Ол ішкі және сыртқы жағынан да ең әділ, әдемі және ақылды жан.

Туғалы бері мен тек жақсы, махаббат жайлы жылы сөздер мен әлемдегі ең жақсы қыз екенімді естіп келе жатырмын. Біреулер үшін бұл шындыққа жанаспайтындай болып көрінуі мүмкін, бірақ осы уақытқа дейін маған қол көтермек түгілі, менің тарапыма бірде-бір дөрекі сөз айтпапты. Біздің арамызда ешқандай құпия жоқ, бір-бірімізге сенетініміз соншалық тіпті айтылмаған қандай құпиямыз бар екенін еске түсіру қиын.
Анамнан тығылып, ақымақтық жасамаймын. Ол менің ең үлкен қолдаушым әрі досым. Бұл сөздерде қаншама мағына бар?! Танымал адамның қызы болу деген қалаға шықсаң суретке түскісі келуді өтініп, жаныңа жүгіріп келетін жас қыздар мен апайлар, балалар мен ер адамдар. Күн сайын оқырмандардан түсетін мыңдаған жағымсыз пікірлер»,-деп жазды ол.

Сондай-ақ ол концерттер мен жаңадан шыққан фильмдердің жабық көрсетілімдеріне еш қиындықсыз бара алатынын айтып мақтанды.

«Кез-келген концертке баруға және алдыңғы қатарда отыруға мүмкіндігім бар, кез-келген жаңа фильмнің алдын-ала түсіріліміне бара аламын. Қазақстандағы ең танымал актер және әншілермен таныспын. Қысқы демалысымды инстаграмда миллиондаған оқырманы бар жұлдыздармен өткіземін. Мен үшін осының бәрі ерекше болып көрінбейді, себебі туылғалы бері бұл мен үшін қалыпты жағдай»,- деп ағынан жарылды Айару.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1714157-ajaru-bakytbek-atysuly-baanny-kyzy-boludy-kandaj-ekenin-ajtty.html